Астанадағы өрт: дәрігерлер науқастардың жағдайын айтты

506

Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Астанадағы өрт: дәрігерлер науқастардың жағдайын айтты Фото: egemen.kz

"16 қарашада төрт науқас жедел жәрдем көлігімен №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Өрт сөндіруші 1994 жылы туған Асқар Забикулин қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Ол 3-дәрежелі күйік алған. Жағдайы өте ауыр", - деді дәрігерлер.

№10 өрт сөндіру бөлімінің командирі, 1988 жылы туған Кемпіров Аянның жағдайы орташа.

"Екі науқас токсикология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Екеуінің де жағдайы орташа ауыр. Жағдайлары жақсарды", - деп хабарлады Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Еске сала кетейік, кеше "Қаһарман" тұрғын үй кешенінде 11-қабаттағы пәтерден өрт шықты. Өрт сөндірушілер бес адамды, оның ішінде бір баланы құтқарып, он адамды қауіпсіз жерге көшірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу