Астанадағы су тапшылығы: құны 59,4 млрд теңге болатын су құбыры салынып жатыр

679

Астанада биыл су тапшылығы күшейіп барады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Астанадағы су тапшылығы: құны 59,4 млрд теңге болатын су құбыры салынып жатыр Фото: google.com

Астаналық тұрғындар көпқабатты тұрғын-үйлерде судың жиі-жиі өшірілетінін айтып, шағымдана бастады. 

Тұрғындардың WhatsApp-желісіндегі онлайн тобына "Астана Су Арнасы" МКК қала бойынша су қысымы төмендеп кеткендіктен, кейбір тұрғын-үйлерге су жетіспей жатқандығын хабарлады. Сондай-ақ, демалыс күндері қосымша су толтырып алуын ескертті. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму су тапшылығы мәселесін шешу мақсатында жаңа жоба қолға алынғанын, осы мақсатта тәулігіне 105 мың м3 болатын жаңа ТҚЖ-3 құрылысы жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Жоба аясында №31 көше бойындағы ТҚЖ-3 алаңынан Тұран даңғылына дейін ұзындығы 17 шақырым болатын су құбырын салу жоспарланған. Жобаның құны – 59,4 млрд теңге. Биыл жобаны аяқтауға 14,7 млрд. теңге сомасында қаражат бөлініп отыр", - делінген ресми жауапта.

Министрліктің баспасөз қызметі берген жауапта аталған жоба 2023 жылы аяқталмақ. 2022 жылы бюджет есебінен бұл жобаға 30,9 млрд.теңге бөлініп, іске асырылған. 

Айта кетелік, бұған дейін "Астана Су Арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қалада су тапшылығы бар екенін еске салып, оның себебін саяжай иелерін бау-бақшаны түнде суармауымен байланыстырған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу