Астана қаласындағы №70 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Аңсат Алдияр Исатайұлына "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" атағына ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Жас шахматшы Алдияр Қазақстан спортының мақтанышы. Ол әлемдік деңгейдегі түрлі беделді додаларда қарсыластарын шаң қаптырып, талай рет жеңімпаз атанды.
Әлем чемпионаттары мен халықаралық турнирлерде топ жарып, еліміздің атын танытып, көк туымызды биікте желбіреткен жас әлем чемпионы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу