Астаналықтар 2,1 млрд теңгенің көлік салығын төлемеген

477

Рейд барысында қозғалтқыш көлемі 4 мың текше см-ден асатын 20-дан аса көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Астаналықтар 2,1 млрд теңгенің көлік салығын төлемеген Фото: Ашық дереккөзден

Елордада тұрғындар 2,1 млрд теңге болатын көлік салығын төлемей жүр, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.

Қалада полицейлер мен жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы бірлесіп, "Борышкер" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр.

Бүгінгі жеке тұлғалардың көлік салығына берешегі – 2,1 млрд теңге. Рейд барысында 97 млн теңге өндірілді. Іс-шараны өткізу барысында Lexus, Toyota Land Cruiser, Mercedes Benz, Tundra маркалы және қозғалтқыш көлемі 4 мың текше см-ден асатын 20-дан аса көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Рейд жыл соңына дейін тұрақты түрде жалғасады. Бұл ретте kgd.gov.kz сайтының және e-Salyq Azamat мобильді қосымшалары мен екінші деңгейдегі банктер көмегімен қарызды тексеруге болады.

Астана қаласы бойынша МКД салық бойынша берешегі 1 АЕК-тен (3 450 теңге) асатын көлік иелерін қолайсыздық туындамас үшін салық берешегін толық өтеуге шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу