Астананың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді

970

Астананың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді

Қарашаның 12 мен 14 аралығында қалада 21 мм-ден аса жауын-шашын түсті. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

"Астана Тазалық" ЖШС мәліметтеріне сәйкес, бүгін сағат 8.00-де қар жинау жұмыстарына 369 арнайы техника тартылды. Қаланы санитарлық тазалау жұмыстарына 363 жол жұмыскері жұмылдырылды. 2 746,00 м3 құм-тұз қоспасы себілді.

Синоптиктердің боджамына сәйкес, бүгін Астанада қар жауады, көшпелі бұлт шығады. Күндіз ауа температурасы -13...-15 С.

Ертең, 15 қарашада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз ауа температурасы 21...-23 С, түнде  26 С дейін төмендейді. Ең төмен температура 16 қарашада болады деп күтілуде - күндіз -23С, түнде -31 С дейін төмендейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу