Астананың көшелерін жинау үшін заманауи коммуналдық техника сатып алынды. Көп ұзамай жаңа техника қаланы тазарту жұмыстарына шығарылады, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.
Атап айтқанда, көшелер мен магистральдардың жүретін бөлігіндегі қарды тазалау үшін төрт қар тазартушы фронталды тиегіш сатып алынды. Онда барлық көрсеткіштерін көрсетіп тұратын сұйық кристалды дисплей бар. Сонымен қатар, 12 коммуналдық шағын трактор да алынды. Ол тиісті жұмыстарды орындау барысында жол жабынын бұзуға жол бермейді.
Бұдан басқа, коммуналдық қызметтердің техникасы барлық маусымда қолданылатын 2 механикалық сыпырғыш машиналармен толықты. Бұл машина көшелерді сыпыру кезінде суды қажет етпейді. Нәтижесінде, көктемде көше тазалауға жұмсалатын уақыт пен шығын айтарлықтай қысқарады. "Вотерлес Пеликан" техникасы да бірегей мүмкіндіктерге ие. Ол жолдарда біраз уақыттан бері жатқан құмды, тұзды, мұзды, қоқысты жинайды. Сондай-ақ, құрамдастырылған арнажуғыш машина да сатып алынды, 10 көлік – суару-жуу жиынтығында соқа мен щетка қондырғысы бар, сондай-ақ соқа, щетка және үлестіру құралы бар 12 машина елорда көшелерін тазалауға шығарылтын болады.