Астананың ойын-сауық орталықтарында 8 наурызға орай мерекелік шаралар өтеді

1966

Бүгіннен бастап "Keruen" ОСО-да "Менің қымбатты анам" атты "Океан Арт" шығармашылық мектебі студенттерінің халықаралық әйелдер күніне арналған суреттер көрмесін тамашалауға болады.

Астананың ойын-сауық орталықтарында 8 наурызға орай мерекелік шаралар өтеді

Мереке күндері қала тұрғындары мен қонақтары үшін сауда ойын-сауық орталықтарында қызықты іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгіннен бастап "Keruen" ОСО-да "Менің қымбатты анам" атты "Океан Арт" шығармашылық мектебі студенттерінің халықаралық әйелдер күніне арналған суреттер көрмесін тамашалауға болады.

8 наурызда "Хан Шатыр" ОСО-да барлық қонақтар өзіне экспресс-макияж жасау бойынша тегін шеберлік сыныбына, 2019 жылға сай сәндік гардероб бойынша шеберлік сыныбына қатысып, астрологтың экспресс-кеңесін ала алады.

Сондай-ақ, 8 наурызда "Ailand" отбасылық демалыс орталығында, аквапаркта көбікті кеш өтеді. Ал "Аружан" ОСО-да 10 наурызға дейін үнді тауарларының мерекелік жәрмеңкесі жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу