5 желтоқсан күні Астананың сол жағалауында жол апаты болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Желіде жол-көлік апатының бейнежазбасы таралды.
Оқиға бойынша қалалық патрульдік полиция қызметі түсінік берді.
"Қабанбай батыр даңғылынан Қорғалжын тас жолына оң жақ съезд бойынша келе жатқан Jetour автокөлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Chevrolet және Toyota маркалы екі автокөлікпен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам ауруханаға жеткізілді. Тексеріс жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу