Астананың су айдындарында қауіпсіздік белгілері орнатылады

767

Бұл туралы қалалық Төтенше жағдай департаменті хабарлады. 

Астананың су айдындарында қауіпсіздік белгілері орнатылады Фото: Liter.kz

ТЖД қызметкерлері аудан әкімдіктерімен бірлесіп ақпараттық және тыйым салу белгілерін орнату бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

“Алдағы шомылу маусымында су айдындарында төтенше жағдайды болдырмау мақсатында ТЖД қызметкерлері аудан әкімдіктерімен бірлесіп "Шомылуға тыйым салынады" ақпараттық және тыйым салу белгілерін орнату бойынша жұмыс жүргізуде. Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында шомылуға тыйым салынған және арналмаған жерлерде 80-нен астам қауіпсіздік белгілері орнатылған”, - делінген хабарламада. 

Департамент тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға назар аударуды сұрады.

Айта кетейік, осыған дейін  Абай облысында суға түсетін 10 учаске белгіленгенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу