Астананың сумен жабдықтаушы кәсіпорны "Келісімшарт жаса" акциясын өткізуде

1089

Астананың сумен жабдықтаушы кәсіпорны "Келісімшарт жаса" акциясын өткізуде

Бүгіннен бастап 31 желтоқсанға дейін "Астана су арнасы" кәсіпорны жеке тұлғалар үшін "Келісімшарт жаса" акциясын өткізуде. Ол орталықтандырылған сумен жабдықтау және кәріз қызметтерін келісімшартсыз пайдаланып отырған тұтынушыларға бағытталған, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Қала тұрғындары суды тұтыну немесе ағызу үшін құжаттар рәсімдеу керектігін көп жағдайда білмей жатады. Сондықтан аталған кезеңде сумен жабдықтау және кәріз қызметтерін келісімшартсыз заңсыз тұтынып отырған барлық тұтынушылар келісімшарт жасай алады. Бұл үшін қосымша шығын шығарудың қажеті жоқ немесе қолданыстағы заңнамада қарастырылғандай, қандай да айыппұл төлемей, қызмет көрсетуді тоқтатусыз жасауға болады. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауқымды тексеру жүргізіледі. Түгендеу шарасы барысында анықталған барлық мекен-жайлар бойынша қосымша есептеу сомалары қойылып, сумен жабдықтау және су ағызу қызметтері тоқтатылады.

Қосымша ақпарат алу үшін тұрғындар 27-03-70, 37-50-07 телефондарына хабарласа алады немесе call-орталықтың 1302 номеріне қоңыру шала алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу