Астық одағы: Басқа нарықтарға шығуға не кедергі?

743

Еліміздің негізгі астық нарығына Орта Азия мен көршілес елдер кіреді. "Қазақстанның астық одағының" төрағасы Нұрлан Оспанов әлемдік нарыққа шықпаудың негізгі себептерін атап өтті, деп жазады inbusiness.kz.

Астық одағы: Басқа нарықтарға шығуға не кедергі?

Спикердің айтуы бойынша, әлемдік нарықта көбінесе теңізге шығатын жолы бар елдер сауда жасайды. Бұдан бөлек ірі астық өндірушілер өз мемлекетін қамтамасыз ете отырып, артылған көлемді Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкаға жеткізеді.

"Бізде баға төмен болған күннің өзінде де біз әлемдік нарыққа шықпаймыз. Себебі Ресей порттары арқылы сауда жасаған кезде, ол порттар ресейлік астыққа толатын. Ресейлік астық порттарға тиелгенше біз өте алмаймыз. Ал ол барлық маусымда жүктеледі. Сол себепті де біздің мүмкіндігіміз аталған порттарда қалдық принцип бойынша жүрумен шектелетін. Соңғы жағдайларға байланысты Ресей порттары арқылы өте алмаймыз", – деді Нұрлан Оспанов.

Астық одағының төрағасы Транскаспий бағыты дамымағандығын және ол арқылы бірнеше өткелдерден өту керектігін айтады. Мысалы, тиелген астықты Ақтаудан Бакуге, Бакуден Батумиге тасымалдауға тура келеді. Содан кейін ғана астық кемеге жүктеледі. Бірақ бұл қосымша шығынның пайда болуына әкеп соғады екен.

"Екіншіден, осы порт орындарының қуатын көре тұра, біз қандай да бір үлкен көлем туралы айта алмаймыз. Сол себепті де Транскаспий бағыты да бұл мәселенің шешімі бола алмайды", – деп ой түйеді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу