"Асығып отырсаңыз, бара беріңіз": Ерлан Қошанов Мақсат Толықбайға ескерту жасады

1634

8,4 миллионнан астам қазақстандықта несие бар. 

"Асығып отырсаңыз, бара беріңіз": Ерлан Қошанов Мақсат Толықбайға ескерту жасады Фото: Qaz365.kz

Мәжілісте халықтың шамадан тыс несие алуы мен қаржылық сауаттылығы тақырыбында парламенттік тыңдау өтті, деп жазады inbusiness.kz.

Жиында "Қарызсыз қоғам" жобасының қаржылық сарапшысы Мақпал Ғабдул сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында халықтың несиесін жапқаннан кейін қайта қарыз алуды әдетке айналдырғанын атап өтті.

Осы тұста депутат Мақсат Толықбай спикердің сөзін бөліп, оған баяндама жасауға берілген уақыт аяқталғанын айтты.

"Мақсат Толықбай, қатысып отырсыз ба? Сөйлеп жатыр ғой. Қиын жағдайға түскен азаматтармен жұмыс істеген сарапшы келіп отыр. Сіз асығып отырсаңыз, бара беруіңізге болады", - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Айта кету керек, осыған дейін 700 мыңнан астам оқушы құмар ойынға бәс тіккенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу