Оның сөзінше, мұндай суыт хабарды ақындардың жалғыз ұлы хабарлаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Белгілі айтыскер ақын, мәдениет саласының үздігі Салтанат Өтелбаева мен оның жолдасы, ақын Мырзабек Қасымов Қостанай облысында жол апатына ұшыраған.
– Айтыскер ақын, мәдениет саласының үздігі, тарих ғылымдарының магистрі, Ыбырай Алтынсарин музейі басшысының орынбасары Салтанат Өтелбаева жол апатына түсіп, жұбайы Мырзабек Қасымов екеуі қаза тапты.
Жалғыз ұлы Нұрсұлтан таңғы 9-да "Аға, ата-анамнан айрылып қалдым" деп хабарласты. Салтанат Амантайқызы саналы ғұмырын мәдениет пен музей ісіне, тарихи-мәдени мұраны сақтау мен насихаттауға арнады. Өз ісінің білікті маманы ретінде жоғары кәсібилігімен, жауапкершілігімен және ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленді. Оның басшылығымен музейде көптеген маңызды жобалар, көрмелер мен ғылыми-зерттеу жұмыстары табысты жүзеге асырылды, – деп жазды ол.