Ата заңға тағы өзгерістер енгізіле ме?

147

Құзырлы орган қажеттілік туындап жатса мәселелерді қарастыруға дайынбыз деп отыр. 

Ата заңға тағы өзгерістер енгізіле ме? Фото: gov.kz

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер "Ақпарат алаңында "Парламенттік республика боламыз" деген әңгімелер жиі айтылып қалады. "Сайлау туралы" заңға, Конституцияға өзгерістер енгізілуі мүмкін бе?" деп сұрады.

"Жалпы бұл менің құзыретіме тікелей кірмейтін сұрақ деп ойлаймын. Халық жағынан немесе заманға сай талаптар қойылып жатса, қажеттілік туындап жатса, біздің министрлік осындай ұсыныстарды қамтамасыз етуге мәжбүр болады. Біз ондай жұмысты атқарамыз",  деді Ерлан Сәрсембаев.

Айта кету керек, осыған дейін Әділет министрі заң жобасын екі тілде жазу талабы бар екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу