Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Қазақстандағы заң жобаларын мемлекеттік тілде дайындау мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Журналистер елдегі заңдар қазақ тілінде жазылу үшін не істеу қажет екенін сұрады.
"Меніңше, цифрландыру керек. Бүгінде біз чат боттарды екі тілде дайындаймыз. Егер де қажеттілік туындап жатса, қай тілде көбірек сұранымдар келсе – сол тілде заң жобасы әзірленетін болады. Конституцияға сәйкес, бізге келіп жататын заң жобалары екі тілде әзірленеді. Қазіргі кезде заң жобасын екі тілде жазу деген талап бар", – деді Әділет министрі Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кету керек, осыған дейін 32 жылда тек екі заң жобасы ғана қазақ тілінде дайындалғанын жазғанбыз.