32 жылда тек екі заң жобасы ғана қазақ тілінде әзірленген

646

30 жылда мемлекеттік тілде тек 2 заң жобасы әзірленіп, қабылданған. 

32 жылда тек екі заң жобасы ғана қазақ тілінде әзірленген Фото: abai.kz

Мәжіліс депутаттары Үнзила Шапақ пен Жарқынбек Амантай  ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгіновтің атына депутаттық сауал жолдады.

Олардың айтуынша, тәуелсіздік алғаннан бері елімізде 3589 заң қабылданды. Алайда 30 жыл ішінде қазақ тілінің заты мемлекеттік бола алмады. Оған заң жобасының орыс тілінде әзірленіп, қазақ тіліне аударылуы себеп, деді олар.

"Осы күнге дейін қазақ тілінде тек екі заң жобасы әзірленіп, қабылданған. Атап айтсақ, "Тілдер туралы", "Көші-қон туралы" заңдар.  Заңның қазақ тіліндегі мәтініне қатысты сын-пікірлер халық арасында өте көп", - деді депутаттар.

Соның біріне заң термині бірізділігінің сақталмауы жатады.

"Қазақ және орыс тілдерінің құрылымы тұрғысынан әртүрлі тілдік топтарға жатады. Заң шығару процесінде бұл ерекшелік ескерілмесе, мәтіндердің мағыналары бұрмаланып, мәні өзгереді", - деп атап өтті халық қалаулылары.

"AMANAT" партиясы фракциясының мүшелері қазақ тіліндегі барлық нормативтік-құқықтық актілердің түп мәтініндегі терминологиялық қолдануына ревизия жүргізу деп есептейді. 

"Екінші – мәнмәтіндік қолданыстың үйлесімділігін, сөйлемдердің ішіндегі түрлену ерекшеліктерін анықтау. Үшіншіден, жүргізілген жұмыстардың нәтижесін сұрыптап, жүйелі анализден өткізу. Сондай-ақ, ревизия нәтижесінде қолданыстағы заңнамаларда анықталған қордаланған сәйкессіздіктерді жоюдың бірреттік жолын қарастыру керек", - деп түйіндеді халық қалаулылары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу