Бұл туралы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
"Біз дәстүрімізде ұмытыла бастаған Аталар және Әжелер мектебін жаңғыртуды қолға алдық. Қазір осы бағытта көптеген жобалар жүзеге асып келеді. Біз жыл басында күнделікті жұмыстарымызды жүйелеу үшін бес бағытқа басымдық бердік. Соның бірі – дін мен дәстүр бағыты. Өткен жылы Діни басқарма жанынан Ақсақалдар, Сарапшылар кеңесін құрдық. Мұндағы мақсатымыз халыққа дәстүрлі исламды кеңінен насихаттау, қоғамда ақсақалдар институтының рөлін арттыру. Бұл бағыттағы жұмыстарымыз жыл бойы жүзеге аса бермек", – деді Бас мүфти.