"Атамекен": Айыппұл мөлшері бұзушылық көлеміне сай болуы керек

736

"Атамекен" ҚР ҰКП айыппұлдар мөлшерін санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылу мөлшеріне шамалас етуді ұсынды, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі.  

"Атамекен": Айыппұл мөлшері бұзушылық көлеміне сай болуы керек

Ұлттық палата позициясын Шыңғыс Темір хабарлады. ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Президенттің осы тапсырмасы қағаз жүзінде қалатынына алаңдаулы

"Президент жауапкершілікті жіктеуді атап өтті. Ведомствоаралық комиссия хаттама қабылдады, 21 қарашаға дейін осының бәрін бекітетін сәйкес нормативтік түзетулерді қабылдау керек. Уәкілетті орган – Денсаулық сақтау министрлігі осының бәрін формальді түрде іске асырып жатыр. Түзетулер жобасы бізге келіп түсті, онда осы жіктеу бар. Тексеру парағында талаптар тізімі 24 тармақтан 21 тармаққа дейін қысқартылған да. Ол бойынша тәуекелдер деңгейін бағалау критерийлерінде ауырлық дәрежесі бойынша: "кішігірім", "айтарлықтай", "өрескел" деп бөлінген", – деді Шыңғыс Темір.

Алайда, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабына сәйкес бұзушылықтарға қарастырылған жазалау ауырлық дәріжесіне байланысты емес. Демек, бір кәсіпкер тек санитарлық өңдеудің кестесін жүргізбеген, ал екінші кәсәпкер барлық санитарлық нормаларды бірдей бұзса да екі кәсіпкерге бірдей айыппұл салынады.

Осы бап бойынша бұзушылыққа қатысты айыппұл мөлшері 2019 жылдың көктем айында еселеп өсіп, келесідей болды:

 -жеке тұлғаларға 30 АЕК (84 мың теңге немес 200 АҚШ доллары);

-өкілетті тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйым өкілдеріне 230 АЕК (640 мың теңге немесе 1,5 мың АҚШ доллары);

- орта кәсіпкерлік субъектілеріне 310 АЕК (860 мың иеңге немесе 2 мың АҚШ доллары);

-ірі кәсіпкерлік субъектілері 1600 АЕК (4,4 млн теңге немес 10,5 мың АҚШ доллары).

"Біз осы санкцияны жіктеу бойынша ұсыныс айттық. Егер бұзушылық көлемі болмашы болса, айыппұл көлемі де соған сәйкес болады, егер бұзушылық өрескел болса қатаң жаза қолданылады. Ол үшін Құқық бұзушылық туралы кодекске кіру керек, онда өзіндік процедура бар, осы жұмысты жүргізіп жатырмыз. Органдардың кейбірі бізбен келіспейді. Біздің позициямыз айыппұл мөлшері бұзушылық көлеміне сай болуы керек. Әзірге 425-бапта мұндай түзету жоқ, бірлескен бұйрық айыппұл мөлшеріне әсер етпейді", – деп Шыңғыс Темір қорытындылап, Ұлттық палатаның заңнамаға түзетулер енгізуге ниетті екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу