"Атамекен" ақша айырбастау пунктеріне қатысты жаңа талаптарды қолдамайды

1439

"Атамекен" қарастырылған шаралар Ұлттық банк көздеген нәтижені әкелмейді, бірақ нарықтың осы сегментінде еңбек ететін бизнеске кедергі келтіреді деп санайды.

"Атамекен" ақша айырбастау пунктеріне қатысты жаңа талаптарды қолдамайды

"Атамекен" ҰКП қолма-қол ақша айырбастау пунктерінің жұмысына енгізілетін жаңа талаптарды қолдамайды. Себебі жарғылық капиталды 100 млн теңгеге дейін ұлғайту талабы айырбастау пунктерінің жаппай жабылуына себеп болуы ықтимал, деп хабарлайды Atameken Business.

Сондай-ақ, бәсекелестікті азайтып, валюта айырбастау нарығын монополизациялауға әкеп соғады. Ал, клиенттерден тұрғылықты мекенжайды сұрату – айтарлықтай қолайсыздық әкеледі және қауіпті болуы мүмкін. Мәміле кезінде құжаттарды тексеру – қызмет көрсету жылдамдығын төмендетуі мүмкін. Сондай-ақ, айырбастау пунктерінің жұмыс істеу уақыты таңғы сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін болсын деген шектеу де азаматтарға қолайсыз. Осы жайттарды ескерген "Атамекен" қарастырылған шаралар Ұлттық банк көздеген нәтижені әкелмейді, бірақ нарықтың осы сегментінде еңбек ететін бизнеске кедергі келтіреді деп санайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу