"Атамекен" президиумының шешімімен Евгений Больгерт "Атамекен" ҚР КҰП басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды atameken.kz.
Евгений Больгерт Ресей Федерациясы Әділет министрлігіне қарасты Ресей Құқықтық Академиясын (Москва қ, Санкт-Петербург қаласы) үздік бағамен тәмамдаған заңгер. Дрезден университетінің (Германия) заң факультетінің Европалық құқық кафедрасында оқыған. Германия, Дания, Австралия, Ұлыбритания, Австралия секілді елдерде тағылымдамадан өткен. Ағылшын және неміс тілдерін жетік меңгерген.
Кәсіби қадамын заң қызметтері мен биржа саудасынан, ірі компаниялардың жобаларына жетекшілік етуден бастаған.
2011 жылдан бері Республикалық тау-кен қазу және тау-кен металлургиялық қауымдастығы директорының орынбасарлық қызметін атқарған.
2013 жылы "Атамекен" құрылғаннан бері тау-кен өндірісі секретариаты басшысы, салалық база директорының атқарушы орынбасары қызметінде болған.
2016-2019 жылдар аралығында өндірістік қауіпсіздік және нысандардың техникалық диагностикасына бағытталған "Kamkor Service"( "Қамқор Менеджмент" компаниясының еншілесі), ЖШС бас директоры қызметін атқарған.