"Атамекен" ҰКП аграрлық субсидияларды қайтару талабының күшін жоюды ұсынды

686

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов Бас прокуратурадан субсидияларды қайтару туралы фермерлерге қойылған талаптарды алып тастауды сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz 

"Атамекен" ҰКП аграрлық субсидияларды қайтару талабының күшін жоюды ұсынды

ҰКП съезінде ол азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып отырғанын атап өтті. Фермерлерге арзан және ұзақ ерзімді даму несиелері жетіспей жатқанын айтты. 

"Ереже нормаларының әртүрлі түсіндірілуіне байланысты фермерлердің жағдайы күрделенген. Бас прокуратурадан осы жағдайды түсініп, субсидияларды қайтару жөніндегі талаптарды алып тастауды сұраймыз", – деді Нариман Әбілшайықов. 

Бұған дейін хабарланғандай, елдің әртүрлі аймақтарындағы фермерлер, мал өсірушілер мен құс өсірушілер осындай проблемаға тап болған. Кейбір істер бойынша сот процестері де жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу