"Атамекен" ҰКП "Бизнеске арналған үкімет" порталын дамытады

702

Өңірлердің экономикалық картасы да (пайдаланылмаған жер, су ресурстары енгізілген) әзірленеді.  

"Атамекен" ҰКП "Бизнеске арналған үкімет" порталын дамытады

Жыл соңына дейін "Бизнеске арналған үкімет" порталында және мобильді қосымшасында 50-ден астам мемлекеттік қызмет түрі мен сервистер дайын болады. Кәсіпкерлерге өте тиімді болмақ. Бұл туралы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының сегізінші съезі барысында айтылды, деп жазады inbusiness.kz.

 "Цифрлық экожүйе жобасы кәсіпкерді, бизнесті және билікті тез арада байланыстыра алады. Арадағы артық жұмыс кезеңдері алынып тасталады. Егер мәселе кәсіпкерлердің шоттарының бұғатталуына алып баратын болса, біз оны ертерек реттейміз, яғни оған ескерту жібереміз, ал ол өзінің қарызын өтейді немесе салық органының оған қандай да бір салық берешегі есептелгені туралы жіберген хабарламасына шағымдана алады. Тіпті тауарлар бойынша тендер жарияланатын болса да біз оған алдын ала хабарлаймыз. Осылайша тауардың шығуы туралы сертификаттарын алуды оңайлатып, әкелетін құжаттар пакетін айтарлықтай қысқартамыз", – деді "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Шыңғыс Темір.

"Атамекен" ҰКП-ның цифрлық экожүйесінің мүмкіндіктері тек бизнеске ғана емес, сондай-ақ өңірлер басшыларына да қызықты болады. Өңірлердің экономикалық картасы әзірленеді, онда пайдаланылмаған ресурстар (жер, су айдындары) нақты көрсетіледі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу