"Атамекен" ҰКП ескертулері мен ұсыныстарының 75 пайызы заңнамаға енді

1011

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 28 мыңнан астам сарапшылық қорытынды енгізген.

"Атамекен" ҰКП ескертулері мен ұсыныстарының 75 пайызы заңнамаға енді

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әзірлеген бизнес-ортаны жақсарту бойынша бизнестің барлық ескертулері мен ұсыныстарының 75%-ы заң жобаларына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне енгізілген.

"Кәсіпкерлер "Атамекен" ҰКП бірлесе отырып заңдарды жетілдіруге және әзірлеуге мүмкіндік алды. Бизнеске қатысы бар барлық заң жобалары мен нормативтік құқықтық актілерге (НҚА) бизнес-қаумдастықпен келісім жасалады. Егер кәсіпкерлер ұсынылып отырған заң жобасының ережелерімен келіспейтін болса, оларға әзірленіп жатқан кезінде өзгерістер енгізе алады", – деп түсіндірді Ұлттық палатаның баспасөз қызметі.

"Атамекен" бес жыл ішінде заң жобалары мен нормативтік құқықтық актілерге 26 821 сарапшылық қорытынды берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу