"Атамекен" ҰКП-ге кәсіпкерлерден 27 мың өтініш келіп түскен

1418

Оның  40%-дан астамы кәсіпкерлер пайдасына шешілген.   

"Атамекен" ҰКП-ге  кәсіпкерлерден 27 мың өтініш келіп түскен

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жұмыс істегеннен бері кәсіпкерлерден 27 мыңнан астам өтініш қабылдаған, оның 40%-дан астамы оң шешім тапқан.    

Осы жұмыстар аясында кәсіпкерлер 133,6 млрд теңге үнемдеді. Атап айтар болсақ, үнемдеу жойылған айыппұлдар мен өсімақылар, қосымша есептеулер есебінен болған. 

Бес жыл ішінде заңнаманы өзгертуді қажет ететін кәсіпкерлік саласындағы жүйелі мәселелер анықталды. Олар республикалық мәселелер тізіміне енгізілді, оның ішінде 600-ден астам мәселе болды, оның 428-і толық шешілді, ал 123 мәселе шешілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу