"Атамекен" ҰКП: Локдаун тығырықтан шығаратын жол емес

720

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да қиындыққа тап болған бизнесмендерді қолдап отыр, деп хабарлайды Atameken Business.  

 "Атамекен" ҰКП: Локдаун тығырықтан шығаратын жол емес

Олар биліктен бизнеске қойылған қатаң шектеулерді жеңілдетуді, жұмыс істеудің жаңа ережелерін нақты бекітіп беруді сұрады. "Локдаун енгізу арқылы тығырықтан шыға алмаймыз" деген ұстанымда. 

Айта кету керек, 16 тамыздан бизнес, соның ішінде Ashyq жобасына қатысушылар үшін демалыс күні локдаун енгізу жөніндегі уағдаластықтардың мерзімі аяқталды. Кәсіпкерлер Палатасының мәліметінше, жобада 111 мыңнан аса бизнес субъекті жұмыс істейді. Карантинді бұзушылар саны 46 мыңға дейін артқаны анықталды. Кәсіпкерлер палатасы мұндайларды қатаң жазалап, өзгелеріне барынша көбірек жұмыс істеуге рұқсат беруді сұрап отыр. Үкіметке 21 тамыздан бастап бірқатар ұсыныс енгізуді өтінді. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу