Ақтауда көпқабатты үйден өрт шығып, тұрғындарды өздері өшірді

212

Өртті тұрғындар құтқарушылар келгенше өздері сөндіріп үлгерген.  

Ақтауда көпқабатты үйден өрт шығып, тұрғындарды өздері өшірді Фото: lada.kz

Ақтауда тұрғын үйде шыққан өртті тұрғындар құтқарушылар келгенше сөндіріп үлгерген. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 10 наурызда сағат 16:33-те өрт сөндіру бөліміне 32А ықшам ауданындағы №19 ғимараттағы пәтерлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

"Келген бойда үшінші қабаттағы пәтерлердің бірінің балконында тұрмыстық заттар өртенгені анықталды. 1 шаршы метр аумақта өрт бөлімше жеткенше сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады департамент өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу