Атбасар қаласында көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

427

Кеше түнде Атбасар қаласында бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бірінде өрт шығып, 1 адам қайтыс болды. Өрт сөндірушілер үш адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Атбасар қаласында көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

Тағы алты адам эвакуацияланған. Оның үшеуі – бала.

"26 минут ішінде өрт толығымен сөндірілді. Өрт үшінші қабаттағы пәтерлердің бірінде шыққан. Үй заттары мен жиһаздар өртенген. Өрт кезінде төменгі қабатта тұратын тұрғындар үйлерінен өздігімен шығып кеткен. Жоғарғы қабаттардағы тұрғындар қалың түтіннің салдарынан төмен түсе алмады. Өрт сөндірушілер әр пәтерді тексеріп, онда адамдар болған кезде оттегі маскасын киіп, таза ауаға шығарды", – деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу