Ислам банкі берген ақша қайда?

1141

2016 жылы 111 су арнасын қалпына келтіру жұмыстары басталып, оған Ислам банкінен 5,5 млрд теңге бөлінген. 

Ислам банкі берген ақша қайда?

Малымыз қыстан шықпай қалады деп қауіптенген ақсулықтар малдарын жаппай пышаққа жығып жатыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Ауылдықтардың айтуынша, судың жоқтығынан көкөніс бау-бақшасы құрғап, жайылымда шөп те шықпай қалған. Бұған жұрт жергілікті билік пен гидрологтарды кінәлайды. Өйткені, ауданда 5 жыл бұрын басталған суару желілерін салу жұмыстары әлі бітпей тұр. Ақсу аудандық белсенді азаматтардың айтуынша, салынған құбырлардың сапасы да өте нашар, ал бетон науалар жерге тиісімен құм боп шашырап кетеді.

Наразы тұрғындар облыс әкіміне, Экология минстрлігіне, тіпті Президентке дейін ұжымдық үндеу жолдапты. Олар арық қазу ісін бақылауға алуды сұрайды.

Әкімдігі Atameken Business арнасы жолдаған сауалға жазбаша жауап қайтарыпты. Онда көрсетілгендей, 2016 жылы 111 су арнасын қалпына келтіру жұмыстары басталып, оған Ислам банкінен 5,5 млрд теңге бөлінген. Ақшаның нақты қайжа жұмсалғаны айтылмаған, бірақ құрылыс 2020 жылдың соңында аяқталуға тиіс деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу