Атом саласы мамандарын даярлауға "Росатоммен" меморандум жасалды

1195

Қазақстан ресейлік "Росатом" компаниясымен атом саласы мамандарын даярлау туралы меморандумға қол қойған. Бұл жөнінде энергетика министрі Болат Ақшолақов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Атом саласы мамандарын даярлауға "Росатоммен" меморандум жасалды

"Ресейлік "Росатоммен" меморандумға қол қойдық. Бұл тек мамандарды дайындауға арналған. Бізде атом саласының мамандарын дайындайтын оқу орындары жоқ. Сондықтан ертең АЭС салатын болсақ, бір стансаға екі мыңдай адам керек. Тек қана жұмысшылар емес, жақсы жақсы дайындалған мамандар болуға тиіс. Оған төрт-бес жыл уақыт керек", – деді министр.

Ол АЭС-ті Ресейден басқа да елдерге салдыру нұсқалары қарастырылып жатқанын тағы да қайталады. АҚШ, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Қытайда осы сала дамып жатқанын айтты. Қазақстан қай елдің технологиясымен жұмыс істейтіні туралы сұраққа нақты жауап жоқ дейді.

"Қазір атом стансасын орналастыруға лайық, жер сілкінісі болмайтын аймақ, су мәселесі, тектоника жағы қарастырылып жатыр", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу