Атырау әкімі сайлау күнгі жағдайдың қайталанбауы үшін бірқатар тапсырма берді

868

Махамбет Досмұхамбетов "KEGOC" АҚ компаниясының ахаулдық орталығына барып, атқарылып жатқан жұмыстарды көріп шықты.  

Атырау әкімі сайлау күнгі жағдайдың қайталанбауы үшін бірқатар тапсырма берді

Бүгін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов облыстың энергия жүйесінде олқылықтарды болдырмауға қатысты арнайы жиын өткізді, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. 

"KEGOC" АҚ компаниясының ахаулдық орталығына барып, атқарылып жатқан жұмыстарды көріп шықты. Сосын кеше өз тапсырмасымен құрылған жұмыс тобының есебін тыңдады. Жұмыс тобы  құрамына әкімдіктің өкілдері, энергетикалық бақылау мен энергетикалық компаниялардың өкілдері кірген болатын. 

Кеше шұғыл түрде қолға алынған жұмыстардың арқасында облыс тұтынушыларын электр энергиясымен қамтамасыз ету толығымен қалпына келтірілді. 

Батыс филиалының энергожүйесінде болған технологиялық ақаулар бұрынғы қабылданған инвестициялық жобаларды жедел түрде жүзеге асыруды қажет етеді. 

Аймақ басшысы энергия жүйесінде кінарат болмауды қамтамасыз ету үшін бірқатар тапсырма берді. 

Еске сала кетейк, 10 қазан күні кешке  "KEGOC" АҚ-ның  электр желісінің 220 кВ Л-254-Орал-Индер, Л-201-Атырау-Индер және "Karabatan Utility Solutions" ЖШС-ның 2 генераторы уақытша істен шығып, салдарынан "АтырауЖарык" АҚ-ның электр желісін тұтынып отырған Атырау қаласының сол жақ бөлігі мен аудандардың кей жерлері уақытша электр желісінен ажырап қалған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу