Атырау-Дубай бағыты бойынша Air Astana рейсі уақытша тоқтатылды

127

Дубайға Астана мен Алматыдан ұшатын рейстер Иран мен Ирак әуе кеңістігі арқылы жалғасады.  

Атырау-Дубай бағыты бойынша Air Astana рейсі уақытша тоқтатылды Фото: airastana.com

Air Astana 28 маусымнан бастап Атырау-Дубай бағыты бойынша ұшу уақытының едәуір ұзаруына байланысты  уақытша орындалмайтынын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Уақытша тоқтатылған рейстердің жолаушыларына Алматы және Астана қалаларынан Дубайға немесе Атыраудан басқа бағыттарға тегін қайта брондау не билеттің толық құнын қайтару ұсынылады.

Бұған дейін Wizz Air компаниясы Астана мен Абу-Даби арасындағы рейстер тоқтатайтынын хабарлаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу