Нұржан Мақсотұлы Ермұханов 1976 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1998 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін орыс мектептеріндегі қазақ тілі пәні мұғалімі, 2002 жылы Атырау мұнай және газ институтын инженер-экономист, мамандығымен бітірген. Мұнай-газ ісінің магистрі.
Еңбек жолын Атырау қаласындағы №27 мектептің мұғалімі болып бастаған. Кейін Атырау қалалық әкімі аппаратында бас маман, Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы, №1 аумақтық округ әкімі лауазымын атқарған.
Атырау облысы әкімдігінде мұнай-газ кешенінің сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялық саясат басқармасының бас маманы, жетекші маманы болып жұмыс істеген. "ҚазМұнайГаз" АҚ-ның еншілес компаниясы – "Ембімұнайгаз" өндірістік филиалы директорының көмекшісі, "ҚазМұнайГаз" АҚ вице-президентінің көмекшісі болған.
"Караван Сарай" Қазақстандық туристік компания", "БМКС", "ТұранҚұрылыс ЛТД", "МADI TRANS LTD" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерін басқарған. Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.
2021 жылғы қаңтарда Атырау облыстық мәслихатының депутаты болып сайланған.
Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи жаңадан тағайындалған орынбасары Нұржан Ермұхановқа бірқатар нақты тапсырмалар берді.