Атырау қаласында жантүршігерлік жол апатынан екі адам опат болды

449

Полицейлер жүргізушіге ескерту жасағанымен, ол олардың кеңесіне мән бермеген. 

Атырау қаласында жантүршігерлік жол апатынан екі адам опат болды Фото: freepik

Сапар алдында екі ескерту алған жүргізуші апатқа ұшырады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.

2 қаңтар күні сағат 8:30 шамасында республикалық маңызы бар "Ақтөбе-Атырау-Астрахан" тасжолының 426-шақырымы тұсында Toyota Alfhard автокөлігінің 1993 жылы туған жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай аударылған. Салдарынан көлік жүргізушісі мен бір жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, үш жолаушыға алғашқы медициналық жәрдем көрсетілді.

"Жол-көлік оқиғасына дейін патрульдік полиция қызметкерлері Қызылқоға ауданының Миялы және Сағыз ауылдарында орналасқан бекеттерде жүргізушіні екі рет тоқтатып, жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігі, жылдамдықтың арту қаупі және осы учаскелерде жолдағы үй жануарларымен соқтығысу мүмкіндігі туралы ескертті", - деп түсіндірді Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жүргізушілермен осындай профилактикалық жұмыстар облыста 2023 жылдың маусым айынан бері жүргізіліп келеді.  Сондай-ақ, бұл жол-көлік оқиғаларын азайтуға септігін тигізеді. Бірақ кейде жүргізушілер ескертулерге мән бермей, осындай жағдайларға тап болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу