Атырау мектептеріне күзге дейін үш мың жаңа компьютер келмек

815

Олар онлайн оқу жағдайында мұқтаж балаларға уақытша таратылады. 

Атырау мектептеріне күзге дейін үш мың жаңа компьютер келмек

Атырауда қала және аудандардың әкімдіктерінің өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, колледж директорлары мен "Қазақтелеком" АҚ басшылығы қатысқан жиында алдағы 2020-2021 оқу жылына дайындық барысы талқыланды. Онда облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова тиесілі ұйымдарға бюджеттен үнемделген қаражат есебінен қажетті компьютерлік техникаларды сатып алып, бірінші кезекте әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыдан шыққан оқушыларға беруді тапсырды.  Сондай-ақ, онлайн оқытуда шалғайдағы елді мекендерді интернет желісіне қосу, мектептердегі ғаламтор желісінің жылдамдығын және тарату нүктелерінің санын көбейту жұмыстары "Қазақтелеком" АҚ-мен бірлесе отырып шешілмек.

Белгілі болғандай, облыстың жалпы білім беру мекемелеріне 2013 жылдан бері  компьютерлік техникалар көп көлемде алынбаған. Ал 2017-2019 жылдар аралығында әкелінген санаулы компьютер стем, робототехника сынды арнайы кабинеттерге қойылған. Қазір заман талабына сәйкес қашықтан оқыту режимі енгізілгендіктен компьютерлердің санын арттыру міндеті алға қойылып отыр. Сол себепті, өткен мамыр айында демеушілер көмегімен 1310 компьютер сатып алынса, жаңа оқу жылына дейін тағы үш мың компьютер сатып алынады. Бұл мектептердегі техника тапшылығын шешеді деп күтілуде.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу