Атырау МӨЗ экс-басшысы Мұрат Досмұратов үйқамаққа алынды - БАҚ

368

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Мұрат Досмұратов үйқамаққа алынды.  

Атырау МӨЗ экс-басшысы Мұрат Досмұратов үйқамаққа алынды - БАҚ Фото: kmg.kz

"Ақ Жайық" газеті жазғандай, қазір "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС басшылығына мемлекетке аса ірі көлемде залал келтіру түріндегі ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осыған дейін БАҚ Мұрат Досмұратовтың қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін 72 сағатқа қамауға алынғанын хабарлаған еді. Сондай-ақ Досмұратовтың ұсталуының Атырау мұнай өңдеу зауытындағы соңғы оқиғаларға қатысы жоқ екені атап өтілді. 

Айта кетейік, бұған дейін зауыттың бас директоры Ғалымжан Жусанбаев пен орынбасары, бас инженер Әділет Шошанбасов қызметінен босатылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу