Атырау облысына 1 мыңнан астам әскери қызметші көмекке келді

217

Атырау облысына Қарулы Күштердің 1 мыңнан астам әскери қызметші көмекке келді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атырау облысына 1 мыңнан астам әскери қызметші көмекке келді Фото: Атырау гарнизоны

Атырау гарнизоны баспасөз қызметінің мәліметінше, Қорғаныс министрінің нұсқауына сәйкес тасқын суға қарсы іс-шараларға жәрдем көрсету үшін "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері жіберілген.

Әскери қызметшілер легін "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қуанышбек Үштаев басқарып келді. Әскерилерді Махамбет, Индер аудандарының елді мекендері мен Атырау қаласының маңындағы Жаңаталап ауылына көмекке жіберу жоспарланып отыр. Онда олар жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізеді.

"Теміржолмен жеткізілген біріккен құрам Шымкент, Тараз және Гвардейск гарнизондарында орналасқан әскери бөлімдерден құрылған. Сондай-ақ 60-тан астам әскери және арнайы техника бар. "Біздің "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Атырау қаласына көмектесу мақсатымен келді. Сондықтан оларды жұмысқа баптаудың қажеті жоқ. Біз еліміздің және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты кез келген міндетті орындауға дайынбыз", - деді Шымкент қаласынан келген топтың аға полковнигі Айбар Абайұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу