Атырау облысында 28 жылқыны ұрлаған күдікті қамауға алынды

193

Атырау облысының Индер ауданындағы Көктоғай ауылының тұрғындары 28 жылқының ұрлағаны туралы дабыл көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырау облысында 28 жылқыны ұрлаған күдікті қамауға алынды Фото: видеодан алынған кадр

Атырау облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подколковнигі Абай Жұмабаев осы мәселеге қатысты түсінік берді.

– Атырау облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде Махамбет ауданының аумағында 28 бас жылқыны ұрлады деген күдікпен 45 жастағы ер адамды ұстады. Қазір күдікті қамауда. Ірі көлемде мал ұрлығы дерегімен қылмыстық іс тіркелді. Кешенді тергеу амалдары басталды. Қылмысқа қатысты барлық дерек пен мән-жай тексеріліп жатыр. Айғақ заттар тәркіленді. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, – деп хабарлады Абай Жұмабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу