Атырау облысында 5 адам табиғи газдан уланып қалды

410

Олардың арасында балалар да бар.  

Атырау облысында 5 адам табиғи газдан уланып қалды Фото: Shutterstock.com

Атырау облысында 5 адам табиғи газдан уланып қалды. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, оқиға 9 қаңтар күні сағат 07:30 Атырау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде болған.

“Жедел-жәрдем қызметінен тұрғындардың табиғи газдан улануы бойынша хабарлама келіп түсті. Облыстық ТЖД қызметкерлері оқиға орнына жеткен кезде 5 адамның ас бөлмесіндегі газ плитасынан газ кету салдарынан табиғи газдан уланғандығын анықтады. Атап айтқанда, 1980 жылы туған үй иесі және оның 2013, 2014, 2016, 2019 жылы туған балалары”, - делінген хабарламада.

Зардап шеккен балалар облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Бүгінде олар үйлеріне жіберілді. 

Еске салайық, осыған дейін ШҚО-да иіс тиген ана мен бала ауруханаға жеткізілгенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу