Атырау облысында 2 адам жол апатынан мерт болды

207

Атырауда полицейдің ескертуін елемеген жүргізуші жол апатына ұшыраған.

Атырау облысында 2 адам жол апатынан мерт болды Фото: Атырау облыстық полиция департаменті

Жол-көлік оқиғасынан жүгізуші мен жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 15 қаңтарда болған. 

– Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері республикалық маңызы бар тас жолда қауіпсіздікті сақтау үшін күн сайын рейд жүргізуді қолға алды. Кеше, 15 қаңтар күні, сағат 14:00 шамасында жолдың тайғақ болуына байланысты жүргізушілерге ескерту жасалған. Алайда Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 53-шақырымында қоғамдық автокөлік пен Chevrolet Cobalt автокөлігі соқтығысы. Жол апатының салдарынан жеңіл көлікті жүргізген 48 жастағы жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Полиция оқиғаның мән-жайын тексеру кезінде жүргізушінің 1 сағат бұрын ескерту алғанын анықтаған. Аталаған дерекке қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

– Көлік жүргізушілеріне ауа райының құбылуына, жолдың тайғақ болуына байланысты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеміз. Әсіресе, ара қашықтықты сақтап, жылдамдықты шамамдан тыс асырмаған жөн, – деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу