Атырау облысында құтқарушылар шалғай қыстақтан отбасыны эвакуациялады

247

Қызылқоға ауданында жол қатынасы қиындағаннан кейін ТЖМ қызметкерлері анасы мен үш баланы шұғыл түрде қауіпсіз жерге жеткізіп, медицина мамандарына тапсырды.  

Атырау облысында құтқарушылар шалғай қыстақтан отбасыны эвакуациялады Фото: бейнежазбадан

Атырау облысының Қызылқоға ауданына қарасты Сағыз ауылына жақын орналасқан қыстаулардың бірінде тұратын тұрғын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінен шұғыл көмек сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Белгілі болғандай, отбасыдағы баланың денсаулық жағдайы нашарлап, оған жедел медициналық көмек қажет болған. Алайда соңғы күндері жауған мол жауын-шашын салдарынан жол қатынасы қиындап, елді мекенге жеңіл автокөлікпен жету мүмкін болмаған.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен анасы мен үш баланы эвакуациялап, оларды шамамен 60 шақырым қашықтықтағы Сағыз ауылына жеткізді. Кейін олар медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

Құтқарушылардың үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің арқасында отбасыға қажетті көмек дер кезінде көрсетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу