Атырау облысында "сарайдағы мәйіт" жайы анықталды

19045

Қария өз ажалынан қайтыс болған.  

Атырау облысында "сарайдағы мәйіт" жайы анықталды

Атырау облысындағы жұртшылықтың жағасын ұстатқан қылмыстық істің нүктесі қойылды. Махамбет ауданындағы қайтыс болғасын сарайға жерленген ер адамның мүрдесінен ұрып-соқып, қинау белгілерін таппаған полиция департаменті қылмыстық істің қысқарғанын мәлімдеді, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Нақтылай кетсек, биыл қаңтар айында аталған ауданға қарасты Таңдай ауылындағы 82 жастағы адамның денесі сарайдан табылған еді. Белгілі болғандай, ол қарындасының қолында тұрған. Көршілері қария аяқ асты жоқ болып кетіп, сарайдан жағымсыз иістер шығып жатқасын полицияға хабар береді. Бұл жөнінде inbusiness.kz порталында жазылған болатын.

"Тағайындалған сараптамаға сәйкес, ер адамның мүрдесінде дене жарақатының іздері анықталмады. Сол себепті қылмыстық құрамның болмауына байланысты іс тоқтатылды", - деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

Бұдан бөлек, ел арасында "марқұмның денесін бөлшектеп тастапты" деген алыпқашпа әңгімелер де тараған. Сараптама ол қауесетті жоққа шығарып отыр. Полиция департаментінен білгеніміз, бұл жерде орган өзіне тиесілі қызметті атқарған. Қайтыс болған қарттың қарындасы қайтыс болған ағасын не себепті жер қойнына беріп, жаназасын шығармады, неліктен тиесілі орындарға хабарламай, түк болмағандай зейнетақысын алып, жаратып отырды – бұл мәселемен прокуратура және жергілікті басшылық айналысуда. Ал қылмыстық іс басталғанда жұмыстан шеттетілген мектепте мұғалім болып істейтін марқұмның қарындасы жұмысына әлі оралған жоқ.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу