Атырау облысында су тасқынына байланысты республикалық маңызы бар жол жабылды

315

Бұған дейін Атырау облысының Жылыой ауылында су тасқынына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілгені белгілі болды.

Атырау облысында су тасқынына байланысты республикалық маңызы бар жол жабылды Фото: baribar.kz

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2024 жылғы 4 сәуірдегі сағат 10:40 шамасында еріген қар суының салдарынан Атырау облысы "Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау" автожолының 4-119 шақырымында (Доссор а.-Құлсары қ. учаскесі) көлік құралының барлық түрі үшін қозғалыс шектетілді, - делінген хабарламада.

Бұған дейін Атырау облысының Жылыой ауылында су тасқынына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілгені белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу