Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

639

Тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты Фото: Ақ Жайық

Атырау облысы Индер ауданында 29 мамыр таңертең жол апаты болып, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға сағат 06:30 шамасында Индер – Қарабау трассасының 15-шақырымында болған. Hyundai Sonata көлігі аударылып кеткен.

Көлікті 41 жастағы жүргізуші басқарған, ол және үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді.

Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу