Атырау облысында жас босанған әйелдерді ауылдарына қайықпен тасымалдап жатыр

748

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылының тұрғындары құтқарушылардың көмегімен аудан орталығы – Миялы ауылына моторлы қайықпен қатынауға мәжбүр. Мәселен, 18 сәуірде Миялы ауылындағы перзентханада босанған Жангелдин ауылының тұрғыны нәрестесімен бірге жолдың арғы жақ бетіне аман-есен жеткізілді. 

Атырау облысында жас босанған әйелдерді ауылдарына қайықпен тасымалдап жатыр

Жолдың арғы жағында оларды туыстары қарсы алды. Әндетіп, қошеметпен қарсы алу сәтінің бейнежазбасы әлеуметтік желілерде де тарап жатыр. 

Видео: 

Бұрын қара жол арқылы көлікпен жететін жерде Ойыл өзені арнасынан тасығалы көл пайда болды. Қазір аудан орталығы – Миялы ауылына Миялы-Қарабау-Индер облыстық маңызы бар тас жолдың арғы жақ бетінде орналасқан елдімекендермен байланыс құтқарушылардың көмегімен жүзеге асырылып жатыр.

Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аудан орталығымен байланыс жасау үшін тас жол үзілген жерде жергілікті тұрғындарды тасымалдау үшін құтқарушылармен бірге моторлы қайық қойылды. Қазіргі уақытта 671 адам, оның ішінде 19 бала тасымалданды. Сонымен қатар елді мекендерге бағыт алған азық-түлік өнімдерінде тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылып жатыр.

Еске салсақ, 12 сәуірде Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылын су басу қаупі төнген болатын. Ауылдың қауіпті аймақтары құм салынған қапшықтармен қоршалып, су жолын бөгеуге тырысты. Ал 14 сәуірде ауданда төтенше жағдай жарияланды. Қауіп Миялы-Қарабау-Индер облыстық маңызы бар тас жолды қопарып (бұзып), су арнасын Жангелдин ауылына қарай бұрған соң сейілді. Осылайша жиналған су біртіндеп Қамыскөлге құйылып, су тапшылығын тартқан Тайсойған ауылына қарай бағыт талды.

Айнур Сапарова

Фото және видео Атырау облысы ТЖД

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу