Жасөспірім жасанды су арнасынан бір үйір жылқы айдап бара жатып абайсызда аттан құлап, суға батып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Мой город" порталының мәліметінше, ауыл тұрғындары ол құлағаннан кейін жарты сағат ішінде баланың денесін тауып алып, туыстарына тапсырған.
Еске сала кетсек, бұған дейін Атырау облысында тағы бір жасөспірім суға батып кеткенін жазған болатынбыз. Ол рұқсат етілмеген канал суына түсіп, батып кеткен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу