Атырау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан жедел жәрдем бригадасының мүшелері қайтыс болды, деп хабарлайды аймақтық Полиция департаменті баспасөз қызметі.
Құрылысы былтыр басталған Астраханға баратын тасжолда жедел жәрдем әскери "КамАЗ"-бен соқтығысқан.
Исатай ауданының дәрігерлік амбулаториясына тиесілі жедел жәрдем көлігінде жүргізуші мен екі медицина қызметкері болғаны анықталды. Олардың барлығы да ажал құшты. ҚР ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасындағылардың хабарлауынша, "КамАЗ" рулінде мерзімдік әскери борышын өтеп жүрген 20 жастағы сарбаз болған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу