Атырау облысында жеңіл көлік аударылып, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды

155

Қазір Мақат аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол апатына байланысты тиісті іс құжаттарын жинақтап жатыр. 

Атырау облысында жеңіл көлік аударылып, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды Фото: Атырау облысы ПД

Атырау облысындағы Мақат ауданының аумағында жеңіл көлік аударылып қалды. Жол апатының салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жол-көлік оқиғасы бүгін, 20 қарашада таңғы сағат 05:30 шамасында болған. 

"Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы" бағытындағы жолдың 480-шақырымы Subaru Legacy маркалы автокөлігі аударылды. Көліктің аударылуына 46 жастағы жүргізушінің рульді игере алмағаны себеп болған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүргізуші түрлі дене жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмды", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу