Атырау облысында жеңіл көлік жол жиегіне аударылып қалды

1123

Жол апатынан 32 жастағы жүргізуші оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырау облысында жеңіл көлік жол жиегіне аударылып қалды Фото: Атырау облыстық Полиция департаменті

Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 26 қаңтарда сағат 19:00 шамасында болған.

"Республикалық маңызы бар Атырау-Орал тас жолының 154-шақырымы тұсында Lada Granta автокөлігі аударылды. Тексеру кезінде 1992 жылғы жүргізушісінің рөлге ие бола алмағаны анықталды. Жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Көлік жүргізушісінің 24 қаңтар күні жылдамдықты шамадан тыс асыру дерегі "Кибер-Шериф" құрылғысы арқылы анықталған. Жүргізушіге жылдамдықты 133 км/сағатқа дейін асырғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 592-бабының 2-бөлігімен хаттама толтырылған", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу