"9 қазан күні сағат 02:40 шамасында Chevrolet Niva көлігі "Құлсары – Ақкиізтоғай" тасжолының 17-ші шақырымында аударылып, салдарынан 44 жастағы жүргізушісі қаза болды.
Сондай-ақ, таңғы сағат 06:30 шамасында "Доссор – Бейнеу" тасжолының 104-ші шақырымында Lada Largus автокөлігі аударылып, бір жолаушы қаза тапты. Көлікте жеті адам болған. Екі жолаушы ауруханаға жеткізілді", - деді Жылыой аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Мұрат Демегенов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу