Атырау облысында жол апатынан 2 сәби қаза тапты

122

Аталған дерек бойынша кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Атырау облысында жол апатынан 2 сәби қаза тапты Фото: Бейнежазбадан

26 наурыз күні күндіз Мақат ауданына қарасты Доссор кентінде ірі жол-көлік оқиғасы болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Atyrauoil.official басылымының мәліметінше, елді мекен ішінде отбасы отырған жеңіл автокөлік пен минивэн соқтығысқан. Апат салдарынан бір сәби оқиға орнында көз жұмса, екіншісі алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды.

"26 наурыз күні Доссор кентінде Toyota Estima және Opel автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Аталған дерек бойынша кешенді тергеу амалдары жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", – деп хабарлады полиция.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу